«ҮЕҰ ұйымдық даму» вебинары
Түркістан облысы Азаматтық орталық базасында 24 тамыз 2020 жылы сағ. 16:00 – 18:00 аралығында ZOOM платформасында «ҮЕҰ ұйымдық даму» тақырыбында вебинар өткізілді. Бұл вебинар «Береке» қоғамдық бірлестігінің «Түркістан облысында «жалғыз терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықты ұйымдастыру мен дамыту» жобасы шеңберінде, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Вебинар барысында аудандық ҮЕҰ өкілдеріне ұйымдық даму тұжырымдасы, оның ҮЕҰ үшін маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, вебинар барысында ұйым қызметі тұрақты болып, өздерінің мақсатты топтарына сапалы қызмет көрсетуі үшін ұйымда болу керек ережелер мен тәртіптер жайлы құжаттар, оны дайындау және іс-жүзінде пайдалану мәселелері талқыланды.
Түркістан облысы ҮЕҰ жұмысын қолдау бойынша брифинг
19 тамыз 2020 жылы Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен брифинг өткізілді.
Брифинг барысында «Береке» ҚБ-нің «Түркістан облысы Азаматтық орталығы» ретінде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасымен және «Түркістан облысы Азаматтық альянсы» ЗТҚ әріптестікте аудандық ҮЕҰ әлеуетін арттыруда, ақпараттық ресурс орталықтарының жұмысын жандандыруда атқарып жатқан жұмыстары, олардың жағдайы және мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, брифингте Түркістан облысы ҮЕҰ арасында «Үздік әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі» онлайн байқауының жарияланғандығы, оған қатысу тәртіптері мен ережелері туралы айтылды.
Әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша тренерлерге арналған онлайн тренинг
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының бастамасымен Азаматтық орталық қызметкерлеріне, Түркістан облысы және Шымкент қаласы ҮЕҰ өкілдеріне 22-28 шілде 2020 жылы өткізілді. Бұл тренинг «Береке» қоғамдық бірлестігінің «Түркістан облысында «жалғыз терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықты ұйымдастыру мен дамыту» жобасы шеңберінде, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткізілді. Тренер ретінде әлеуметтік кәсіпкерлік саласында мол тәжірибеге ие Эмин Аскеров және Медер Аматов жүргізді. Қызықты тақырыптарды қарастырған тренерлер алған білімдері, тәжірибеде кездескен әлсіз жақтары мен қателіктерін жасырмай, ашық түрде ҮЕҰ-ға әлеуметтік кәсіп ашуға дайын болуға, сондай-ақ өз аудандарында серіктес ұйымдармен алған білімдерімен бөлісуге мүмкіндік береді деп күтілуде.
__________________________________________________________
По инициативе Центра Развития Гражданских Инициатив, Гражданским центром по проекту «Организация и развитие гражданского центра для поддержки неправительственных организаций по принципу «одного окна» в Туркестанской области», реализуемому Общественным объединением «Береке» в рамках государственного гранта НАО «Центр поддержки гражданских инициатив» при поддержке Министерства Информации и общественного развития Республики Казахстан» был организован онлайн тренинг для тренеров по социальному предпринимательству для сотрудников Гражданского центра и НПО области и города Шымкент. Мероприятие проводилось в период с 22 по 28 июля 2020 года. Тренерами выступили Эмин Аскеров и Медер Аматов, обладающие колоссальным практическим опытом в сфере социального предпринимательства. Ожидается, что знания, переданные тренерами, раскрывавшими наиболее интересующие темы, открыто, не скрывая тонкостей и ошибок, с которыми им пришлось столкнуться на практике, позволят неправительственным организациям быть лучше подготовленными для открытия социального предприятия, а также делиться знаниями с партнерскими организациями в своих районах.
Түркістан облысы аудандық ҮЕҰ үшін бухгалтерлік есеп және салық айналымы бойынша вебинар
10 шілде 2020 ж., ZOOM онлайн платформасында Азаматтық орталық қызметкерлерімен ҮЕҰ-да бухгалтерлік есеп және салық айналымы бойынша вебинар ұйымдастырылып өткізілді. Бұл вебинар «Береке» қоғамдық бірлестігінің «Түркістан облысында «жалғыз терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықты ұйымдастыру мен дамыту» жобасы шеңберінде, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткізілді. Вебинарда Түркістан облысы және Шымкент қаласы ҮЕҰ қызметкерлері мен мүшелері тарапынан 11 адам қатысты. Вебинардың бағдарламасы Берекенің қызметкерлерімен дайындалып, қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Тренер ретінде қаржыны басқару және бухгалтерлік есеп саласында тәжірибесі мол Алия Рустамбекова және Маржан Кубекова өткізді. Вебинар барысында тренерлер ҮЕҰ-ның ішкі ұйымдастырушылық және әкімшілік құжаттарды дайындау, қаржылық және салық есептерін дайындау және тапсыру, еңбек қатынастарын тіркеу, жалақыны есептеу және төлеу, еңбек және азаматтық-құқықтық келісім-шарттарды жасау, жеке еңбек шарттарын жасау, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының талабына сәйкес аралық және қорытынды қаржы есептерін дайындау бойынша өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.
____________________________________________________________
Сотрудниками Гражданского центра по проекту «Организация и развитие гражданского центра для поддержки неправительственных организаций по принципу «одного окна» в Туркестанской области», реализуемому Общественным объединением «Береке» в рамках государственного гранта НАО «Центр поддержки гражданских инициатив» при поддержке Министерства Информации и общественного развития Республики Казахстан», 10 июля 2020 года на онлайн платформе ZOOM был организован и проведен вебинар по бухгалтерскому учету и налогообложению. В вебинаре приняли участие 11 человек из числа членов и сотрудников НПО Туркестанской области и города Шымкент. Программа вебинара была разработана сотрудниками Береке, и вебинар был проведен на казахском и русском языках. Тренерами выступили Алия Рустамбекова и Маржан Кубекова, имеющие отличные навыки финансового управления и бухгалтерского учета. В ходе вебинара они поделились с НПО своим опытом в подготовке внутренних организационно-распорядительных документов, формировании и сдаче финансовой и налоговой отчетности, оформлении трудовых отношений, ведении учета и выплате заработной платы, составлении трудовых, гражданско-правовых договоров, заключении индивидуальных трудовых договоров, подготовке промежуточных и заключительных финансовых отчетов, согласно требованиям ЦПГИ.