«ҮЕҰ ұйымдық даму» вебинары
Түркістан облысы Азаматтық орталық базасында 24 тамыз 2020 жылы сағ. 16:00 – 18:00 аралығында ZOOM платформасында «ҮЕҰ ұйымдық даму» тақырыбында вебинар өткізілді. Бұл вебинар «Береке» қоғамдық бірлестігінің «Түркістан облысында «жалғыз терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықты ұйымдастыру мен дамыту» жобасы шеңберінде, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Вебинар барысында аудандық ҮЕҰ өкілдеріне ұйымдық даму тұжырымдасы, оның ҮЕҰ үшін маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, вебинар барысында ұйым қызметі тұрақты болып, өздерінің мақсатты топтарына сапалы қызмет көрсетуі үшін ұйымда болу керек ережелер мен тәртіптер жайлы құжаттар, оны дайындау және іс-жүзінде пайдалану мәселелері талқыланды.