Түркістан облысы ҮЕҰ жұмысын қолдау бойынша брифинг
19 тамыз 2020 жылы Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен брифинг өткізілді.
Брифинг барысында «Береке» ҚБ-нің «Түркістан облысы Азаматтық орталығы» ретінде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасымен және «Түркістан облысы Азаматтық альянсы» ЗТҚ әріптестікте аудандық ҮЕҰ әлеуетін арттыруда, ақпараттық ресурс орталықтарының жұмысын жандандыруда атқарып жатқан жұмыстары, олардың жағдайы және мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, брифингте Түркістан облысы ҮЕҰ арасында «Үздік әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі» онлайн байқауының жарияланғандығы, оған қатысу тәртіптері мен ережелері туралы айтылды.