Түркістан облысының үкіметтік емес ұйымдарына қолдау көрсететін азаматтық орталық жұмысының нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткізілген кездесу

3 желтоқсан 2019 жылы Түркістан қаласында облыстық жастар ресурс орталығында «Береке» ҚБ ұйым базасында құрылған Түркістан облысының үкіметтік емес ұйымдарына қолдау көрсететін азаматтық орталық жұмысының нәтижелері бойынша қоғамдық даму басқармасы және аудандық бөлімдері, аудандық ҮЕҰ, ақпараттық ресурс орталықтары, БАҚ өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді.

Жоғарыда аталған іс-шара «Түркістан облысында «жалғыз терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықты ұйымдастыру мен дамыту» жобасы шеңберінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық жобасы аясында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Азаматтық орталық қызметінің нәтижелері, 2020-2021 жж. жұмыс жоспары, Түркістан облысының азаматтық қоғам ұйымдарының даму деңгейі, сонымен қатар, аудандық ҮЕҰ-дар, ақпараттық ресурс орталықтары шешіміне ықпал ете алатын өзекті әлеуметтік мәселер талқыланды. Сондай-ақ, кездесу барысында аудандық ҮЕҰ-дар  2020 жылға жоспарланып отырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік грант байқауларына өзекті тақырыптарды ұсынды.

_________________________________________________________________

3 декабря 2019 года в городе Туркестан на базе Областного молодежного ресурсного центра Общественное объединение «Береке» провело встречу по результатам работы Гражданского центра по поддержке неправительственных организаций в Туркестанской области. Во встрече приняли участие представители Управления общественного развития, его районных отделов, информационно-ресурсных центров и неправительственных организаций, выполняющих свою деятельность в районах Туркестанской области, а также СМИ.

Данная встреча была организована в рамках проекта «Организация и развитие гражданского центра для поддержки неправительственных организаций по принципу «одного окна» в Туркестанской области», реализуемого в рамках государственного гранта НАО «Центр поддержки гражданских инициатив» при поддержке Министерства Информации и общественного развития Республики Казахстан.

Организаторами были освещены результаты деятельности Гражданского центра по Туркестанской области, озвучен план работы центра по развитию неправительственных организаций на 2020-2021 годы, а также подняты актуальные социальные вопросы, над решением которых активно работают районные неправительственные организации. В ходе встречи представителями районных ИРЦ и НПО были предложены наиболее важные тематики для включения на 2020 год в планы конкурсов по государственному социальному заказу и государственным грантам.