«Жобаларға мониторинг және бағалау жүргізу» тренингі

6 қараша 2019 ж., Шымкент қаласындағы ҮЕҰ қолдау көрсететін азаматтық орталық базасында Түркістан облысының ҮЕҰ мен ақпарттық ресурс орталықтарының қызметкерлері мен еріктілеріне әлеуметтік жобаларды орындаудың тиімділігін арттыру үшін мониторинг және бағалау жүргізу дағдыларын дамыту мақсатында «Әлеуметтік жобаларға мониторинг және бағалау» тақырыбында тренинг өткізілді.

Тренинг «Түркістан облысында «жалғыз терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықты ұйымдастыру мен дамыту» жобасы шеңберінде, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Тренинг барысында аудандық ҮЕҰ және ақпараттық ресурс орталықтары өкілдері жобалар/бағдарламалардың кезеңдеріне шолу жасап, мониторинг және бағалау, индикатор ұғымдарына толық талдау жасады. Сонымен қатар, Мониторинг және бағалау құралдары мен әдістерін, деректерлер жинау тәсілдерін үйреніп, осы салада білімдері мен дағдыларын жетілдірді. Қатысушылардың іс-шара барысында алған білімдері олардың алдағы уақытта орындайтын жобалары мен атқаратын қызметтерінің сапасын арттыруға ықпал ететін болады.