Түркістан облысының ақпараттық ресурс орталықтары (АРО) мен ҮЕҰ өкілдеріне арналған «Жобаларды дайындау және оның менеджменті» тақырыбындағы тренинг

21 тамыз 2019 ж., Шымкент қ., Ерманов көш., 8/22 мекенжайында орналасқан Түркістан облысы Азаматттық орталығында «Жобаларды дайындау және оның менеджменті» тренингі өткізілді. Бұл тренинг «Береке» қоғамдық бірлестігінің «Түркістан облысында «жалғыз терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықты ұйымдастыру мен дамыту» жобасы шеңберінде, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық жобасы аясында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Тренинг Түркістан облысының ақпараттық ресурс орталықтары (АРО) мен ҮЕҰ өкілдеріне әлеуметтік жобаларды дайындау құралдарын, өтінімдерді жазу және жобаларды әр кезеңінде басқаруды тәжірибе жүзінде меңгеруді үйрету мақсатында өткізілді.

Тренинг нәтижесінде АРО және ҮЕҰ өкілдері әлеуметтік жобаларды дайындау және басқару бойынша білімдерін арттырып, дағдыларын жетілдірді. Бұл алдағы уақытта олардың дайындатын жобаларының сапасын, ҮЕҰ қызметінің тиімділігін толықтай арттырады.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________

В рамках проекта «Организация и развитие гражданского центра для поддержки неправительственных организаций по принципу «одного окна» в Туркестанской области», реализуемому Общественным объединением «Береке» в рамках грантовой программы НАО «Центр поддержки гражданских инициатив» при поддержке Министерства Информации и общественного развития Республики Казахстан, 21 августа 2019 г. в Гражданском центре Туркестанской области, расположенном по адресу: г.Шымкент, ул.Ерманова, 8/22, прошел тренинг на тему «Разработка и менеджмент проектов».

Тренинг проводился для представителей ИРЦ и НПО Туркестанской области с целью практического освоения ими инструментов разработки проекта, написания заявки, а также управления реализацией проекта на каждом этапе.

В результате тренинга представители ИРЦ и НПО повысили свои знания и развили навыки разработки и управления социальными проектами, что расширит возможности привлечения финансовых средств на реализацию проектов и повысит их качество.

    

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *